Қазақстанда еңбек мигранттарының саны азайды
ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 571 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берілгендер арасында мынадай санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 527 рұқсат (бірінші санат),
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 732 рұқсат (екінші санат).
"Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 322 және 727 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 956 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 307 адам тартылды".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 424 жұмыс беруші бар. Оларда 474,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9% - ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:
- құрылыс саласында – 4 986 адам (34%);
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 867 адам (12,7%);
- тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам (9,3%);
- өңдеу өнеркәсібі – 1 219 адам (8,3%);
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 907 адам (6%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
- Қытай – 3 771 адам (26,2%);
- Өзбекстан – 2 002 адам (13,3%);
- Түркия – 1 370 адам (9,2%);
- Үндістан – 1 363 адам (9,4%),
"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2023 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарихи отанына оралған этникалық қазақтар туралы мәліметтерді ұсынды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,2 мың этникалық қазақ оралды.
Оқи отырыңыз