Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда еңбек мигранттарының саны өсті: олар қайда жұмыс істейді

Новостройка, новостройки, постройка, застройка, стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, новостройки, новостройка, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 11:25 Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанда қанша шетелдік азамат жұмыс істейтіні туралы айтты. Өткен аймен салыстырғанда олардың саны өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 577 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 591 рұқсат (екінші санат),
  • үшінші санаттағы маандар — 5 190 адам,
  • төртінші (білікті жұмысшылар) — 636 адамға рұқсат.
"Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 924 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 428 адам тартылды".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 812 жұмыс беруші бар. Оларда 391,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% — ы.

Шетелдіктер келесі қызмет түрлерінде жұмыс істейді:

  • құрылыс саласында – 4 905 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 870 адам,
  • әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 503,
  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 361 адам,
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 337 адам

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 267 адам, Өзбекстан – 2 080 адам, Түркия – 946 адам, Үндістан – 885 адам.

Ведомство Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөлетіндігін еске салды. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: