Түркістан облысының прокурорлары 253 жұмысшының еңбек құқықтарын қорғады

Кентау қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына қадағалау жүргізу барысында "Эм-Холдинг" ЖШС-нің 2024 жылдың желтоқсан айында 253 жұмысшыға 111,8 млн теңге жалақы қарызы бар екенін анықтады.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмысшылардың конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, еңбекақыларының төленуі қамтамасыз етілді.
Жол берілген заң бұзушылық үшін ЖШС әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұл ретте, ЖШС Кентау қаласындағы жылу-электр орталығының қазандықтарын қайта құру жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, прокуратура мердігерлік жұмыстардың тоқтап қалуына жол бермеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript