Жаңаөзенде 24 млн теңгеден астам жалақы төлемеген жұмыс берушіге айыппұл салынды

ақша, жалақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 12:00 Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзен прокуратурасы ECSAD ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, 62 жұмысшыға 2022 жылғы желтоқсанға және биылғы ақпан айына 24 млн теңгеден астам жалақы төлемеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осыған байланысты прокуратура Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізді. Берешек толығымен өтелді, жұмысшылардың конституциялық құқығы қалпына келтірілді. Маңғыстау облысының прокуратурасы

Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабының 1-бөлігіне сәйкес, еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушіге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: