Жаңалықтар тізбегі
0

Көлік салығын төлемеген Қазақстан азаматтарына айыппұл салынды

Көлік салығын төлемеген Қазақстан азаматтарына айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 17:58 Сурет: Zakon.kz
3 сәуірде 2022 жылға арналған жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Ал 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеуінше, 1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын берешегі бойынша хабарлама жеткізілгеннен кейін 30 жұмыс күні өткен соң жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу үшін салық өкімдері қалыптастырылады. Олар 5 жұмыс күнінен кейін орындау үшін жеке сот орындаушыларына беріледі.

Сонымен қатар бюджетке салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әр күн үшін бюджетке салықты төлеу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап (4 сәуірден бастап) әр кешіктірілген күн үшін Ұлттық банктің базалық ставкасының 1,25 еселенген сомасында өсімпұл есептеледі.

"Осылайша, артық шығын мен проблемаларды болдырмау үшін салық берешегі болған жағдайда, салық пен өсімпұлды жеке сот орындаушыларына өндіріп алу үшін салық бұйрығын бергенге дейін (мамыр айының үшінші онкүндігіне дейін) төлеуді ұсынамыз", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Салық берешегінің бар/жоқтығы туралы ақпаратты e-Salyq Azamat → Электрондық қызметтер → Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек қызметі → ЖСН енгізу бөлімінде мобильді қосымша арқылы тексеруге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: