Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

налог, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 18:59 Сурет: pexels
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2021 жылға арналған көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік құралдары салығының сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен есептеуге болады.

Бұл ретте салық органдары есептеген салық сомалары қазіргі уақытта банктік мобильді қосымшаларды пайдаланушыларға PUSH хабарламалары түрінде жіберіледі.

Сонымен қатар тиісті ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сонымен бірге «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларында және «Kaspi Bank» АҚ және «Халық банкі» АҚ екінші деңгейлі банктерінде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: