Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Өзгенің атына тіркелген SIM-карталар: Нұр-Сұлтанда тексеру басталады

Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда нүктелеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

Сурет : Pixabay21 Қазан 2019, 15:40

Өзге азаматтарға тіркелген SIM-карталарды сату туралы қазақстандықтардың шағымдары негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда нүктелеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенконың айтуынша, алдын ала басқа азаматтардың атына тіркелген SIM-карталарды сату ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзумен қатар, сатып алушыға әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін.

"Егер азамат SIM-картаны сатып алса және сатушы оған нөмірді тіркеуді ұсынбаса, бұл нөмірдің басқа біреудің атына тіркелгенін білдіреді. Және нөмірдің иесі оны кез келген уақытта ажыратып тастауы мүмкін екенін түсіну қажет", - дейді В. Ярошенко.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге келісім-шарт жасамай SIM-карталарды сату фактілері расталса, дилерлерге 100 АЕК дейін айыппұл салынады.

2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу аяқталды. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық мобильді телефондар SIM-карта иесінің ЖСН-на тіркелген. 2018 жылы SMS хабарлама жолдау арқылы тіркелмеген ұялы байланыс құрылғылары (2019 жылғы 1 қаңтарда) телефондағы SIM-картаға байланып, автоматты түрде тіркелді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер