Нұр-Сұлтанда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беріп кетті

Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы өз сайлау учаскесіне 10.20-да келді.
ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Б.Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Назарбаев сайлау учаскесіне 10.20-де келді. Бюллетенін алып, дауыс беру кабинкасына кіріп кетті.
Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру 7.00-де басталып, жергілікті уақытпен 20.00-ге дейін жалғасады.
ҚР ОСК сайлаушылар тізіміне 11 814 019 азамат енген.
Сайлау учаскелері 20.00-де жабылғаннан кейін дауыстарды санау басталады. Ол дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешікпейтін мерзімде аяқталуы тиіс.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript