Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Маңғыстау облысында "KMG EP-Catering" ЖШС бас директоры парамен ұсталды

Олар жеке кәсіпкерден 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Сурет : zakon.kz22 Қазан 2019, 12:51

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "KMG EP-Catering" ЖШС-ның бас директоры (Маңғыстау облысының аумағында орналасқан "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ еншілес ұйымдарын тамақтандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ-ның 100% еншілес ұйымы) мен аталған ЖШС-ның сатып алу бөлімінің бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар азық-түлік өнімдерін алу және жеткізу мәселесінде оң шешім танытқаны және алдағы жасайтын қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 3 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Күдіктілер мен олардың қорғаушыларының кінәсін мойындауына және келу туралы міндеттемесі жазылған өтініштерінің келіп түсуіне байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер