Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс бөлімінің бастығы ұсталды - БАҚ
azh.kz
Олар 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.
Пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс бөлімінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Ақ Жайық" порталы 10 қыркүйекте "182 миллион теңге пара алды" деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталғанын жазды.
Оларды Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері құрықтады. Істің мән-жайы әлі ресми хабарланған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript