Қамауға алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары өзінің жазықсыз екенін мәлімдеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстап әкеткен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді. Ол мұны ұйымдастырып отырған кім екенін білетіндігін және оларды жазалау үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
10 қыркүйекте Атырауда 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Бүгін адвокат Игорь Вранчев Facebook-тегі парақшасында өзінің қорғаушысының мәлімдемесін жариялады. Таубаев жұрттан өзі туралы қауесетке сенбеуді өтініп, өзін қалай ұстап әкеткенін жазған.
10 қыркүйекте сағат 15: 00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері үйіме келіп, мені сөйлесу үшін өздерімен бірге жүруін өтінді. Оқиға орнына жеткенде ғана агенттіктің қызметкерлері маған ұсталғанымды айтты. "Не үшін" деген менің орынды сұрағыма жауап ала алмадым. Бір сағат күтіп, көп өтініштен соң маған адвокатымды шақыруға рұқсат берді, - деп жазды Таубаев.
Оның айтуынша, сол күні екі тергеуші ауысқан, олар бірнеше рет әкім орынбасарынан "бәрін өзі айтып беруін" сұраған. Содан кейін Таубаевқа айыпты оқымастан уақытша ұстау изоляторына жеткізген.
Келесі күні оған "пара алуға оқталу түріндегі қылмыс жасау туралы" шешім ұсынылды. Қашан және қанша мөлшерде деген сұраққа жауап берілмеді. Оның айтуынша, ол әлі күнге дейін нақты не үшін айыпталып отырғанын, параның мөлшері қанша екенін және оның қашан болғанын білмейді.
- Өз сөзімді аяқтай отырып, сіздерге, құрметті тұрғындар, бұл сұмдық арандатушылықтың артында кім тұрғанын білетінімді және біріншіден, менің кінәсіз екенімді дәлелдеу үшін бәрін жасайтынымды, екіншіден, осыны ұйымдастырғандар әділ жазасын алу үшін бәрін жасайтынымды айтқым келеді. Мен Президентке дейін барамын, - деп жазды Таубаев.