Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда 7 жасар баланы қаққан жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған

Баланы қағып ізін жасырып үлгерген Фольсваген көлігінің иесі 31 жастағы азамат ұсталды. Ол Қаскелең қаласының тұрғыны болып шықты. Қалалық полиция оның бұған дейін темір тұлпарды тізгіндеу құқығынан айырылғандығын анықтаған.

Сурет : Ашық дерекөздерден алынды23 Қазан 2019, 10:04

Алматыда жеті жасар баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Оның жүргізуші куәлігі болмаған. Бұған дейін де жол ережсін бұзғаны үшін, куәлігінен айрылған. Әрі техбайқау мен сақтандыру полисі сынды құжаттарының жоқтығы да анықталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы осыдан төрт күн бұрын түскі сағат үштер шамасында "Шұғыла" ықшамауданында болған. 7 жасар балғынның машиналар жүйіткіп жатқан жолды кесіп өтпек болып, көлік астына түскен сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған бүлдіршіннің қазіргі жағдайын дәрігерлер орташа деді.

Дінмұхаммед РУЗУДДИНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қосарланған жарақат, бас-миының жарақаты, мидыңшайқалуы, майдайының жарасы және сол қолдың бірінші саусағының сынығы деген диагноз қойылып, бала қазіргі уақытта нейрохирургиялық бөлімшеде жатыр. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа.

Ал баланы қағып ізін жасырып үлгерген Фольсваген көлігінің иесі 31 жастағы азамат ұсталды. Қалалық полиция оның бұған дейін темір тұлпарды тізгіндеу құқығынан айырылғандығын анықтаған. Бірақ оған не себеп болғанын білмейді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

- 31 жасар Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласының тұрғыны болып шықты. Мәлім болғандай бұл азаматтың қолында автокөлікке тиісті құжаттары да жоқ екен. Сақтандыру, техникалық байқаудан өту деректері бойынша анықтама. Бұрын соңды соттың шешімімен жол жүру куәлігінен айрылған азамат.

Қазір аудандық полиция басқармасы аталмыш іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылған. Дәрігерлер жеті жастағы мектеп оқушысының аурухана төсегінде тағы бір аптадай ем алуы қажет екендігін айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер