Жылқыны қаққан Павлодар облысының тұрғыны ауруханадан бір-ақ шықты
zakon.kz
Жылқының иесі де анықталды, ол Мүткенов ауылының 45 жастағы тұрғыны болып шықты, оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында ықпал ету шаралары қолға алынды.
22 қазанда түнде Павлодар облысында УАЗ көлігінің жүргізушісі жылқыға соғылып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылы 22 қазанда сағат 00:20-да Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылының маңында УАЗ автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі жылқыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарына байланысты ауруханаға жатқызылды. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, - делінген Павлодар облысы ПД хабарламасында.
Жылқының иесі де анықталды, ол Мүткенов ауылының 45 жастағы тұрғыны болып шықты, оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында ықпал ету шаралары қолға алынды.
Биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында 451 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 38 адам қайтыс болды, 676 адам жарақат алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript