Ақмола облысының тұрғыны қызға араша түсемін деп ауруханадан бір-ақ шықты
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында қызға араша түсемін деп ер адам ауыр жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шықты. Күдікті ұсталды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 мамырдан 19 мамырға қараған түні ішімдікке бас қою кезінде жәбірленуші досына қызбен дөрекі сөйлескені үшін ескерту жасады. Салдарынан ол соққыға жығылып, ауруханаға түсті.
Аудандық ауруханада оған "жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысы мен жақ жарақаттары, қабырғаның сынуы" деген диагноз қойылды.
Полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтады. Күдікті 2001 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша Ақкөл аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі, яғни "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктіге қатысты келіп, көрініп тұру түрінде міндеттеме таңдалды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript