Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Өскемендік дәрігерлер тікұшақ апатының алдын алған

Негізінен, дәрігерлер миы шайқалып, басынан қатты жарақат алған науқасты Риддерден Өскеменге жеткізу тікұшаққа мінеді.

Сурет : yk-news.kz23 Қазан 2019, 15:08

Бір жыл бұрын реаниматолог дәрігер пен фельдшер төтенше жағдай кезіндегі ерлік жасап, сол үшін марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық аурухананың бұрын реаниматолог дәрігері Галина Семенова мен санитарлық авиация бөлімінің фельдшері Татьяна Сергеева бір жыл бұрын тікұшақ апатының алдын алып, ерлік танытқан.

Негізінен, дәрігерлер миы шайқалып, басынан қатты жарақат алған науқасты Риддерден Өскеменге жеткізу тікұшаққа мінеді.

- Тікұшақ кенеттен қатты сілкініп, науқас зембілімен бірге бір жағына қисайып құлай бастады. Сол кезде бірнәрсенің болғанын іштей сезіп, ұшқыштың кабинасына қарай беттедік. Сөйтсек бір ұшқыштың қояншығы ұстап, ол тікұшақтың басқару тұтқалары мен педальын жауып, қалшылдаған күйі ұшақ командирінің үстіне құлаған, - деп еске алады өткен күнін Галина Семенова.

Галина мен Татьяна ұшқышты келесі кабинаға сүйреп апарып, оған медициналық көмек көрсеткен. Осылайша тікұшақ шұғыл түрде Глубокое ауданы Винное ауылына қонуға мәжбүр болады.

2018 жылы қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Галина мен Татьянаның осы ерлігін атап өтті. Ал биыл 22 қазанында Өскеменде олардың өңіріне Төтенше жағдайлар комитеті өкілдері "Төтенше жайдайдағы ерлігі үшін" төсбелгілерін тақты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер