Жаңалықтар тізбегі
0

Жасарал Қуанышәлин: Мамайдың партиясы – биліктің жобасы

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2019 22:07 facebook.com
Анау Төлеген Жүкеев - органның адамы екен дейді.

Белгілі оппозиционер Жасарал Қуанышәлин желіде Жанболат Мамайдың көзге ұрып тұрған төрт үлкен қателігін тізіп шықты.

– "Қазақстанның демократиялық партиясы" атауымен жарнамаланған ұйымға қатысты басқа да фактілерді әзірше былай ысыра тұрып, мен қазір тек Жанболат Мамайдың көзге ұрып тұрған және саяси сауатсыздық деуге келетін үлкен қателіктеріне қысқаша тоқталып кеткенді дұрыс көрдім, – дейді ол.

Алматыда оппозиционер Жасарал Қуанышәлин ұсталды

Қуанышәлиннің төрт дәлелі мынау екен:

1. Бұл партия құрылмай жатып, "Біз Нұр Отанды тас-талқан етеміз!", "Режимнің быт-шытын шығарамыз!" деп ұрандатқан ұр да жық жалаң популизмі, секірмей жатып "Әуп" деуі.
2. Салыстыруға келмейтін жағдайларды салыстыруы. Мәселен, "Бізде партиялар неғұрлым көп болса, қоғам үшін ол соғұрлым жақсы" дей келе, мұны "Қырғызстанда 226 партия тіркелген, оның 20-сы белсенді жұмыс істейді" деген уәжбен "дәлелдегісі" келеді. Демек, "Орта Азиядағы демократия аралы" атанған, 6 президенті ауысқан елді Қазақстанмен салыстырады.
3. Мамай Жүкеевті онымен біраз уақыт бір партияның басшылық құрамында болған мендей білмейді, әрине. Ал Төлеген – оппозиция ішінде нағыз "сұрқай кардинал" болған арамза, органның адамы. Демек, оның мейлі тіпті, Жанболат айтқандай, тек "кеңесші" ғана ретінде қатысуымен құрылған партия да, сөз жоқ, "сұрқай партия" болады.
Өкінішке қарай, Жанболаттың бұдан да басқа шикіліктері жетіп-артылады, бірақ оның мына тірлігі жалпы алғанда шикі тірлік екеніне көз жеткізу үшін осы мысалдардың өзі-ақ жеткілікті.
4. Тоқетері – бұл партия қосанов-мосановтар көмегімен көпшіліктің онсыз да ашытып жіберген миын одан бетер ашытып, жұртты билікпен шын күресуші жалғыз ұйым – ҚДТ-дан басқа жаққа бұрып әкету мақсатында ғана құрылады.

Мамай бастап, елде жаңа саяси партия құрылатын болып жатыр

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: