Жаңалықтар тізбегі
0

Диссидент Жасарал Қуанышәлин ауруханаға жеткізілді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 21:06 видеодан кадр
Үш адам Қуанышәлинді үйінің маңында ұстап, анықтайтын белгісі жоқ көлікке күштеп отырғызып алып кеткен.

Алматыда танымал оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин 1 шілдеде күндіз ұсталып, кейін ауруханаға жеткізілді. Саясаткердің хабарлауынша, дәрігерлер оның бас бармағының шығып кеткенін және қан қысымы жоғарылағанын анықтаған, дейді centralasian.org.

Бейсенбі күні түстен кейін азаматтық киімдегі үш адам Қуанышәлинді үйінің маңында ұстап, анықтайтын белгісі жоқ көлікке күштеп отырғызып алып кеткен. Саясаткерді ұстау сәтінен видеоны Qazaq Times сайты жариялады.

Ақпаратқа қарағанда, басылымның тілшілері Қуанышәлинмен сұхбат жасауға келісіп, уәделі уақытта үйіне барған. Саясаткер сұхбат беру үшін аулаға шыққан кезде бағанағы үш адам тап берген.

Qazaq Times басылымының жазуынша, жай адамдарша киініп алған үш кісі өздерін таныстырмаған, қызметтік куәліктерін де көрсетпеген және саясаткерді не үшін ұстап жатқанын да түсіндірмеген. Қуанышәлин сол күні кешке қарай денсаулығы нашарлаған күйі ауруханаға жеткізілген. Саясаткердің әйелі Айсұлу Қадырбаева басылымға күйеуінің бас бармағы шыққанын және қан қысымы жоғарылағанын айтқан.

Кейін түнде Қуанышәлиннің өзі Facebook-та оң қолындағы бас бармағына гипс қойылғанын жазды. Оның сөзіне қарағанда, полицейлер учаскеде оны бірнеше сағат ұстаған, кейін жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізген. Онда бір сағаттан астам уақыт система алған. Түнгі сағат 23-терде үйіне жеткізілген.

Қазақстан демократиялық оппозициясының ардагері Жасарал Қуанышәлин ақпан айында Саяси тұтқындарды қорғау жөніндегі қоғамдық комитет құрғанын хабарлаған. Комитеттің басқару құрамына бірқатар құқық қорғаушы, журналист пен белсенділер кірген. Комитет Шыңжаңда қуғын-сүргіннен қашқан босқындардың құқықтарын да қорғайтынын айтқан.

Сәуір айында саяси тұтқындарды қорғау жөніндегі қоғамдық комитет АҚШ конгресі мен мемлекеттік департаментіне мәлімдеме жолдап, Қазақстанның бірқатар шенеуніктеріне жеке санкция салуға шақырған.

Қуғында жүрген оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов осыған дейін жақтастарын 6 шілде күні наразылыққа шақырған. Астана күні және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында елде оппозициялық белсенділер ұсталып, қамалып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: