Жаңаөзенде инкассаторларды тонап кетті: 73 миллион қолды болды
iStock
Қылмыскерлер үш қап ақшаны алып кеткен.
Жаңаөзенде белгісіз біреулер банк инкассаторларын тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оқыс оқиға туралы ақпарат YEDILOV ONLINE Телеграмм-арнасында пайда болды.
Кейбір мәліметтер бойынша, Жаңаөзенде 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 40-та "Көктем" ықшам ауданында орналасқан банк бөлімшесінен ақша алып, көлікке мінген инкассаторларға суық қарумен төрт қылмыскер қарақшылық шабуыл жасаған.
Қылмыскерлер кассадан жаңа ғана жинап алынған, жалпы сомасы 62 532 542 теңгені құрайтын үш қап ақша мен мульти-кассетаны, 19 696 АҚШ долларын, 495 450 Ресей рублін иемденген. Жүргізуші /инкассатор өздеріне шабуыл жасаушылар мінген ақ "Нексиясының" соңынан қуып, 5 рет оқ атқан. Жаңаөзен қалалық полиция бөлімі "Ұстау" жоспарын жариялады, - деді Телеграмм-арнада.
Редакция түсініктеме алу үшін облыстық ПД-ға ресми сауал жолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript