Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматылық студенттерге арналған шығармашылық байқау басталды

Эссе тақырыбы бірнеше бағытты қамтиды.

Сурет : Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті23 Қазан 2019, 16:15

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне арналған "Жаһандық азаматтық: менің жеке көзқарасым" тақырыбындағы эссе байқауы басталды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Шығармашылық бәйгенің мақсаты – болашақ педагогтардың әлемге және өзін қоршаған ортасына оң өзгеріс жасауға деген ниетін қалыптастыру және жастардың зияткерлік әлеуетін көтеру. Эсседе жаһандық азаматтық түсінігі кеңінен ашылуы тиіс. Сонымен қатар оның Қазақстанның үздіксіз дамуы мен елдегі бейбітшілікті насихаттаудағы рөлі жан-жақты айшықталуы қажет.

Университеттің Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенер болсақ, эссе тақырыбы бірнеше бағытты қамтиды.

– "Мен жаһандық азаматпын", "Жаһандық азаматтық тәрбиесінің басты мақсаты", "Білім беру және жаһандық азаматтық", "Бейбітшілікті сақтау мақсатындағы тәрбие берудің педагогикалық қағидалары", "Адам құқығы, әлем мәдениеті, мәдени алуан түрлілік, зорлық-зомбылықсыз орта" және "Бірге тұруды оқып-меңгеру" тақырыптарына арналған эссені биылғы жылдың 1 қарашасына дейін жіберу керек. Жұмыстар Қыздар университетінің бас оқу ғимаратындағы 122-кабинетте қабылданады, – дейді байқау ұйымдастырушылары.

Байқау шарты бойынша эссе 700 сөзден аспауы тиіс. Қаріп түрі – Times New Roman. Қаріптің көлемі – 14. Шығарманы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазуға болады. Байқау жеңімпаздары ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросында өтетін марапаттау рәсіміне шақырылады. Жүзден жүйрік шыққандарға арнайы тағайындалған сыйлықтар табысталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер