Жаңалықтар тізбегі
0

Комитет кейбір азаматтардың телефон нөмірі неге өшірілгенін түсіндірді

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 19:35 pxhere.com
Соңғы күндері комитетке телефон нөмірлерінің өшіп қалғанына шағым айту көбейген.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Виталий Ярошенко қазақстандықтардың нөмірлерін өшіруге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы күндері Комитетке қазақстандықтар тарапынан телефон нөмірлерінің өшірілуіне қатысты шағымдар көбейді.

- Қазақстандықтар өз атына қанша нөмір тіркелгенін біле алатынын еске саламыз. Тіркелген бөтен нөмірлер шығып жатқан жағдайда Комитет барлық азаматтарға байланыс операторларына жүгініп, сол нөмірлерді өшіріп тастауды ұсынған. Өйткені ол телефон нөмірлерінің пайдалануына байланысты жауапкершік нөмір иесіне жүктеледі, деп хабарлады комитет төрағасы.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарында мобильді абоненттік құрылғыларды тіркеу ережелері күшіне енді, оған сәйкес, операторларға базада тіркелмеген нөмірге ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.

- 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін телефонға салынған SIM-карта деректері бойынша Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталды. Егер сіз телефоныңызды 2019 жылдың 1 қаңтарынан кейін сатып алған болсаңыз және тиісті SMS жолдау арқылы оны әлі тіркемеген болсаңыз, сізге SMS жолдау арқылы тіркеу процедурасын өткізуге кеңес береміз немесе тіркеу процедурасын аяқтау үшін желі операторына хабарласыңыз. Тіркеу ұялы телефон ұрлау және алаяқтықпен күресуге бағытталған. Сіздің ЖСН-іңізге байланған құрылғы тек сізде тіркелген SIM-карталармен жұмыс істейді. Телефон басқа SIM карталарымен жұмыс істемейді. ЖСН-нің телефонға байланғанын да тексеруге болады, - деді Виталий Ярошенко.

Бұған дейін қазақстандықтар ұялы байланыстың жоғалып кеткеніне шағымданған. Бұған олардың нөмірі тіркелмегені себеп болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: