Ақтөбе облысында қоғамдық көліктердің тозығы жеткен
Сурет: Zakon.kz
Автобус аз, жолаушы көп. Ақтөбеде қоғамдық көлік мәселесі шешілер емес. Әсіресе, соңғы күндері тұрғындардан шағым көбейген.
Өйткені, автобустардың көбінің тозығы жеткен. Жолаушылар тасымалымен айналысатын төрт компанияның екеуінде техника жетіспеушілігі анықталып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Мәселен, "Автопарк" серіктестігі күн сайын 173 көлік шығаруы тиіс болса, қазір тек 111 қоғамдық көлікті тұрғындарға қызмет көрсетуге жіберіп отыр.
Шаһар басшысы адамдар жұмыстан қайтатын уақытта автобусқа мініп, жағдайды көзімен көрді.
Ал автопарк басшылығы алдағы 2-3 апта ішінде жаңадан 30 автобус әкелуге уәде берді.
Жыл соңына дейін тағы жетпісі келуі тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript