Жаңалықтар тізбегі
0

30 қараша күні Астанада қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылады

30 қараша күні Астанада қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 12:24 Сурет: Алматы әкімдігі
Астанада футбол жанкүйерлері үшін автобус бағыттарының жұмыс уақыты ұзартылады. CTS көлік компаниясының мәліметінше, тек 30 қараша күні жүру уақыты ұзарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания он бағыттың жұмыс уақыты өзгеретінін түсіндірді.

"Құрметті футбол жанкүйерлері! 30 қараша күні сағат 21:30-да "Астана Арена" стадионында елордалық "Астана" футбол клубы мен Загребтің "Динамо" футбол клубы арасында матч өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін қалалық және қала маңындағы №10, 12, 26, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 маршруттарының жұмыс уақыты ұзартылады. Осылай ойыннан кейін межелі жерге оңай жетуге болады".CTS көлік компаниясы

Айта кетейік, 17 қарашада "Астана Арена" стадионында Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы футбол матчы өтті. Одан кейін арнайы маршруттық автобустар ұйымдастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: