Алматылықтардың назарына: кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді

Алматыда 26 тамыздан бастап №132 бағыт ұзарады, ал №2 және №48 бағыттар қайтадан бұрынғы сызбалары бойынша жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындардың өтініштері бойынша 26 тамыздан бастап №132 бағыт ұзарады. Енді ол Көкорай көшесінен кейін Рысқұлов көшесімен Емцов көшесіне дейін – Райымбек даңғ.– Розыбакиев к-сі – Төле би к-сі – Брусиловский к-сі –Абай даңғ. «Сайран» метро станциясына дейін жүріп өтеді.
Кері бағытта ол Абай даңғылы бойымен Тілендиев көшесіне дейін, Төле би к-сі – Розыбакиев к-сі – Райымбек даңғылымен Крылов көшесіне дейін жүріп өтіп, онда кері бұрылып, Райымбек даңғылымен Немирович-Данченко к-сі – Рысқұлов даңғ. бойымен жүріп өтеді.
Сонымен қатар, Қажымұқан көшесінің бойындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты 26 тамыздан бастап №2 және №48 бағыттар қозғалыстың тұрақты сызбалары бойынша жүреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript