Алматыда үш қоғамдық көліктің бағытына өзгеріс енгізілді
Қалалық көлік холдингіне сілтеме жасай отырып, тұрғындардың өтініштері бойынша 26 тамыздан бастап №132-ші автобустың жүріс бағыты ұзарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді ол Көкорай көшесінен кейін Рысқұлов көшесімен Емцов көшесіне дейін - Райымбек даңғылы - Розыбакиев - Төле би - Брусиловский - Абай даңғылынан «Сайран» метро станциясына дейін жүріп өтеді.
Кері бағытта №132 автобус Абай даңғылы бойымен Тілендиев көшесіне дейін, Төле биден Розыбакиев - Райымбек даңғылымен Крылов көшесіне дейін жүріп өтіп, қайта кері бұрылып, Райымбек даңғылымен Немирович-Данченко - Рысқұлов даңғылы бойымен жүріп өтеді.
Сонымен қатар, Қажымұқан көшесінің бойындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты 26 тамыздан бастап №2 және №48 автобустар қозғалыстың тұрақты сызбалары бойынша жолға шығады.