Астанада бірнеше қоғамдық көліктің жүріс бағытына өзгеріс енгізілді

Автобус, қоғамдық көлік, Астана, жүріс бағытындағы өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 23:48 Сурет: gov.kz
26 тамыздан бастап Астанада бірнеше қалалық қоғамдық көліктің қозғалыс бағытына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

№ 24, 24Н, 31, 121 маршруттағы қоғамдық көліктердің жүріс бағыты Қордай көшесі бойынша Мұстафа Шоқай көшесі бағытындағы "Кернай" ТК аялдамасына дейін ұзартылатын болады.

"Шұбар ықшам ауданы мен №66 мектеп арасындағы байланысты қамтамасыз ету мақсатында № 121 автобус "Министрліктер үйі" аялдамасына кіретін болады. №41 автобус "Промышленный" тұрғын үй алабына дейін баратын болады. №52 мектеп бағытында қатынайтын № 28 автобус "Айнакөл" көшесіне кіретін болады". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда жолайырықтағы жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: