Астанада бірнеше автобустың жүріс бағытына өзгеріс енгізілді

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың жүріс бағытына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№12, 17, 21, 26, 36, 46, 50, 53, 54 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", делінген "City Transportation Systems" ЖШС хабарламасында.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар.
Айта кетсек, Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы екі көше ішінара жабылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript