Енді Астанада жұмыс уақыты 7:30-дан басталады

Часы, часовой пояс, время, смена часового пояса, часовой пояс Казахстана, часовой пояс в Казахстане, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 09:25 Фото: Zakon.kz
Астанада 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап әкімдік, комқызмет пен бірқатар мемлекеттік мекеме 7:30-дан жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратынша, енді елордада әкімдік, коммуналдық қызмет пен бірқатар мемлекеттік мекеме таңғы 7 жарымда жұмысқа кірісіп, сәйкесінше, ертерек тарқайды.

"Бұл өзгеріс, ең алдымен, көшедегі көлік кептелісін азайтып, тұрғындардың жолға жұмсайтын уақытын қысқартуға бағытталып отыр",- делінген жазбада.

Болжам бойынша, таңғы және кешкі қарбалас сәтте көлік ағынын 15-20 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бар дейді сарапшылар. Алайда бұл жаңа жұмыс тәртібі тек орталық аудандарда орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға ғана енгізілді. Ал мектеп, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды әлеуметтік мекемелер, бұрынғыдай, қалыпты тәртіп бойынша жұмыс істей бермек.

Бұған дейін самокат мінушілерге тротуарда жүруге тыйым салынбақ екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: