Қала сыртындағы халық Алматыдан қара топырақ ұрлап жүр

domkrat.org domkrat.org
Алматыда жердің құнарлы топырақ қабатын заңсыз алу фактілерін ашу жұмыстары жүргізілуде.

Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алу фактілерін анықтауда, деп хабарлайды Zakon.kz Total.kz-ке сілтеме жасап.

– Жер комитеті заңсыз топырақ алу бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 337 бабында (Жерді бүлдіру) қарастырылған жауапкершілікке тарта алады. Ал полиция Әкімшілік кодекстің 505 бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс ашуға, сондай-ақ, мәліметті тиісті органдарға беруге өкілетті. Екі күннің ішінде заңсыз топырақ алу бойынша 13 дерек табылып, 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 450 мың теңгені құрады, – деді Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан Исин.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз