Алматыда фонтандар маусымына дайындық басталды

Субұрқақ қосылады Алматыда, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 10:30 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда фонтандарды іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы ақпанда қабылданған фонтан шаруашылығын күтіп ұстау мен техникалық қызмет көрсетудің жаңа ережелері бойынша қаладағы фонтандар 1 мамырдан 1 қазанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Бұрын фонтандар маусымы 25 мамырдан 25 қазанға дейін созылды. Айта кетерлігі, фонтандар +5°C-тан жоғары температурада жұмыс істей алады.

Бүгінгі таңда Алматыда 150 фонтан бар, оның 64-і коммуналдық меншікте. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында фонтанда шомылуға қатаң тыйым салынады. Ол үшін ескерту жазулары бар қалқандар орнатылады.

Сондай-ақ, ережелерде сымдардың электр оқшаулауы бұзылған фонтан жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады, суды толық тазартпайынша фонтан іске қосылмайды әрі қауіпсіздік үшін видеобақылау жүйесімен қамтамасыз ету ұсынылады. Фонтанның электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: