Қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша шұғыл шаралар жоспары әзірленді
Сурет: freepik
Қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі Комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұмыс тобы жағдайды түзету үшін шұғыл шаралар жоспарын әзірлеген. Онда биыл Жылу Энергетикалық Орталықтарын жөндеуге қажетті 90 млрд теңгеге жуық қосымша инвестиция тарту көзделген, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал ондағы өндірістік қызметкерлерінің еңбекақысын орташа нарықтық жалақы деңгейіне дейін арттыру ұсынылды. Сондай-ақ жылу желілеріне техникалық аудит жүргізу және электр желілері активтеріне, соның ішінде оларды жекешелендірудің заңдылығы мен коммуналдық меншікке берудің тиімділігі тексерілмек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript