Мәнізоровтың мәні зор. Жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен келіспейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Мәнізоровтың ісі бойынша Бас прокуратураның көзқарасымен келіспейді.
Біз Бас прокуратураның шешімімен келіспейміз, және бұл жайында арыз түсірдік, деді Агенттіктің тергеу департаменті жетекшісі Қанат Сүлейменов, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Бізге, агенттіке екі азамат шағым түсірді. Олардың арызы тіркеліп, тергеу басталған болатын. Бұл бірінші факт. Екінші факт – тергеу барысында қылмыстық істі Бас прокуратура алып, қылмыс оқиғасы жоқ деп істі тоқтатты. Біз бұл шешіммен келіспейміз және бұл жайында арыз түсірдік. Арызымызды бас прокурор қарастыруда, - деп хабарлады журналистерге Сүлейменов.
Тергеу құпиясына байланысты қылмыстық істің мән-жайын жариялауға болмайды, деп қосты ол.
30 қазанда ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов жасаған қылмысы жоқ деп Бағдат Мәнізоровтың ісі жабылғанын мәлімдеген.
Бөлісу
0
Толық оқу