Жаңалықтар тізбегі
0

Тірлігіміз бала тасу – қала халқы үй жанындағы мектепті менсінбейді

elegia.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:24 elegia.by
Екінің бірі "жақсы мектеп пен мықты мұғалім" іздеумен жүр.

Мектепте каникул басталғалы Алматының көшелерінде таңертеңгі көлік азайып, кептелістер сиреп, бір жақсы боп қалды, деп қуанады желіде Наргиз Исмаилова.

Бірақ келесі аптада каникул аяқталып, балаларын мектепке таситын ата-аналар тағы қаптап, қайтадан тозақ басталатын ойлаған ол қынжылып қалды.

Әркім баласын өз районындағы мектепке бергенде мұндай сұмдық болмас еді, деген пікір жазады Максим Гринкевич.

– Екінің бірі "жақсы мектеп пен мықты мұғалім" іздеумен жүр. Елдегі общий бардак содан келіп туындайды. Әркім өзі мен өз баласы үшін қандай нәрсе болсын ең мықтысына, ең жақсысына жетем деп жанталасады. Бірақ енді шыны керек, біздегі мектептердің деңгейі де әртүрлі. Бұл даусыз. Бірақ біздің халық отыз квартал жердегі шаштаразға барып, сосын жиырма квартал жердегі мектепке жүгіріп, аяғында қырық квартал жердегі үйіне асығады. Кептеліс осыдан туындайды. Балаға негізі мектеп жақын болуы тиіс, балалардың мектепке жаяу барғаны пайдалы, әрі қауіпсіз болар еді, – деп жазады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: