Жаңалықтар тізбегі
0

"Бас тартпаймыз!". Министрлік мектептегі баға қою тәсіліне қарсыларға жауап берді

Elorda Aqparat, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 18:33 Elorda Aqparat
Бірақ вице-министр бұл бағалау жүйесіне ішінара өзгеріс енгізгелі жатқандарын да баса айтыпты. Ал ол, әзірге талқы барысында екен.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ата-аналардың мектептердегі жаңа бағалау жүйесін алып тастау туралы талабына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда қазақстандық ата-аналар әлеуметтік желінің көмегімен балаларының білімін жаңартылған оқу жүйесі бойынша баллмен есептеп, әрдайым өткізілетін БЖБ/ТЖБ дегендерді алып тастау үшін дауыс беріп, қол жинап жатыр.

Алдында Көкшетау қаласының мұғалімі Әлия Ахетованың жаңартылған оқу бағдарламасын сынаған сұқбаты желіде жарияланған. Жараның орнына дөп түскен ұстаз сөзін қазақстандық ата-аналар сол кезде-ақ жаппай қолдап, бұл видеоны көптеп бөліскен еді.

Өз сұқбатында еңбек өтілі жоғары ұстаз рейтинг жүйесі жүйкені қоздырып, адамды жаман күйге түсіретінін айтқан. Оның мәлімдемесіне Қазақстан Президенті де жауап беріп, бұл мәселені зерттеуді Білім және ғылым министрлігіне тапсырған. Өз кезегінде министрлік мектептердегі білімді бағалаудың жаңа жүйесін талқылау үшін жұмыс тобын құрғанын айтқан.

"Пікірталастар жүріп жатыр, ұсыныстар түсуде. Мұғалімдер өзара айтысып, бірде келісіп, бірі дәлелдеп, бірін-бірі толықтырып жатыр. Әріптестерімен де кеңесуде. Негізінен, олар БЖБ/ТЖБ түріндегі форматты бағалау кезіндегі балл жинау және мұғалімдер көтерген басқа да мәселелерді талқылап жатыр", - деп жазды Шолпан Каринова Facebook-тегі парақшасында.

"Мұғалімдер бір мәселеде ойлары бір жерден шықты, олар ескі үш балдық жүйеге оралмаймыз, бұл мүмкін емес деп отыр. Мұғалімдер критерий бойынша бағалау жүйесінің әдістемесін дұрыс деп санайды және жетекші елдердің рейтингтік жүйелерінің талаптарымен тең ұстауға мүмкіндік беретін онда жаңа стандарттар мен бағалау тетіктері бар. Сондықтан біз критерийлер жүйесінен бас тартпаймыз", - делінген вице-министр жазбасында.

Бірақ вице-министр бұл бағалау жүйесіне ішінара өзгеріс енгізгелі жатқандарын да баса айтыпты. Ал ол, әзірге талқы барысында екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: