Жаңалықтар тізбегі
0

Өзінің отставкасын талап еткен студенттерге Біртанов жауап берді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 23:07 Zakon.kz
Бұл арада әріптестерім тарапынан бір түсінбеушілік болғанын баса айта кеткім келеді - министр.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін ашық диалогқа шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде алдында медициналық жоғары оқу орындарының бірнеше студентінің видеосы жарияланған. Олар өздерін денсаулық сақтау министрінің ауызша бұйрығымен университет резиденттіктен шығарғалы жатқанын айтып, шағымданады.

- Бұл арада әріптестерім тарапынан бір түсінбеушілік болғанын баса айта кеткім келеді. Осыдан жеті жыл бұрын барлық гранттар мен ауылдық квота иегерлерін үш жылға жұмыс істеуге міндеттейтін заң қабылданған. Бірақ соның ішінде мемлекет тарапынан сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік грантқа түсетіндерге жеңілдік болатын, алайда бұл міндет сақталады, тек оны бұл арада кейінге шегеруге болады, - деп мәлімдеді министр Елжан Біртанов медициналық университеттің 55 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция аясында.

Ол, бұдан бөлек мемлекет отбасылық себептерге немесе жүктілігіне байланысты да грант немесе квота иегері міндетін өтеуде уақытты кейінге шегеруге мүмкіндік барын айтты. Сол секілді оның тағы екінші бір амалы бар екен. Яғни, Білім және ғылым министрлігі арқылы мемлекет шығынының орнын толтырып, бұл міндеттен ерте құтылуға болады.

"Өкінішке орай, осындай талап пен ақпараттың барына қарамастан бірқатар жекеменшік медициналық оқу орындары заңбұзушылыққа барып, жас интерндерді оқуға қабылдаған. Ендігі жағдайда балалар мемлекет алдындағы шығынды өтеуі керек немесе оқудан шығып, мемлекет жіберген орында жұмыс істеуі тиіс. Бұл, әрине көңілге қона қоймайтын шара, бірақ бүгіндері біз кадр жетіспеушілігіне ұшырап отырғандықтан оған еріксіз барып отырмыз. Біз ешкімді мүмкіндігінен айырып жатырмыз деп ойламаймыз. Бұл - нормативтік актілерге негізделген құзыреттілік жүйе", - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, алдын-ала ақпарат бойынша 44 студент резидентураның ақылы бөліміне түскен, олардың әрқайсысына қатысты министрлік шешім қабылдайтын болады.

- Біздің тараптан ешқандай заң бұзушылық жоқ, бірақ қандай-да бір себептермен мемлекет мүддесіне нұқсан келсе, көп адамдар көбіне өз мүдделерін күйттеп кетеді. Әркімнің жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан видеоүндеу жолдағандарды бетпе-бет сөйлесуге шақырамын. Келесі аптада мен Алматыда Асфендияров университетінде боламын. Әрқайсысының жағдайын тыңдап, шара қолдануға дайынмын. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері мен медицина кадрлары арасында ауызбіршілік қажет. Бір-бірімізбен ашық сөйлесіп, ойымызды ашық айтайық. Мұндай жағдайда сонда қолайлы шешім табамыз деп ойлаймын, - дейді Елжан Біртанов.

Жалпы, министр келтірген дерекке сүйенсек, бүгіндері республика бойынша 6 мыңнан астам медицина кадры жетіспейді.

- Бізде ең үлкен жетіспеушілік - жалпы тәжіриедегі дәрігерлер, анестезиологтар мен реаниматологтар, психиатрлар және басқа да мамандықтар. Осы барлық тапшы мамандықтар бойынша біз резидентураға 1,5 мың грант бөлдік. Сондықтан Қазақстанда тапшылық бар, ол жаһандық проблема», - деп түйіндеді сөзін Біртанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: