Бас дәрігерді жұмыстан босатып, клиниканы жабу керек - Біртанов Қаскелеңдегі аурухана туралы
6 маусымда таңертең ерте таңертең Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді. Онда Талғар қаласынан ауруханаға жатқызылған 19 жасар қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Сапардың қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі аурухананы жабуға тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жұқпалы аурулар ауруханасына барған кезде Біртанов, шұғыл түрде түскен науқастарды жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізу керек деген министрліктің бұйрығына қарамастан, жұқпалы аурумен ауырған барлық науқасты аудандардан осы ауруханаға алып келу жалғасып жатқаны ескерте кетті,
«Аудандарда инфекционист дәрігер жоқ па?» - деп сұрады министр Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бауыржан Ысқақтан. Ондай мамандар барлық ауданда бар деген жауап алды.
"Ендеше мына жаққа не үшін әкелесіңдер...?... Шұғыл емес жағдайда сендер барлық облыстан, бірнеше өңірден науқастарды осында әкелесіңдер... ...Мен сіздерден науқастарды ауруханаға жатқызу туралы бұйрықтың көшірмесін көрсетуді сұраймын. Оның Денсаулық сақтау министрлік ұсынған бұйрықтың стандарттарына қаншалықты сәйкес келетінін қарастырайық... ...Бұл жерде дифференциалды диагностикалау үшін қажетті негізгі мамандардың жартысы жоқ...", - деді Біртанов.
Қазіргі кезде Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында менингит белгісімен 6 адам жатыр, қан талдауы жүргізілуде. Министр әрбір науқастың ауру тарихымен танысып шықты.
Аурухананың бір бөлімін көргеннен кейін Біртанов клиника басшысын жұмыстан босатуды бұйырды. Министр аналарымен бірге дәлізде жатқан үш науқас баланың үстінен түсті. Бір баланың анасы түнде ешқандай төсек жабдықтарысыз, серіппелі төсекке ұйықтауға мәжбүр болған. Ананың айтуы бойынша, олар жедел жәрдемді 45 минут күтіп, соңында ауруханаға өздері келген.
"Клиника басшысын ауыстырып, тәртіп орнатыңдар. Мына жағдайға қарау мүмкін емес... ...Бас дәрігер кім? Ауданға мұндай бас дәрігердің қажеті қанша... ...Жағдайдың ауыр екенін түсінемін, Дегенмен, бірінші кезекте қарапайым санитарлық жағдайға көңіл бөлулерің керек. Мәлімдеме жасап, жауып тастаңдар. Ешқандай санитарлық норма сақталмаса, неге жұмысты жалғастырып отырсыңдар? Неге бұл мекемені жауып тастамайсыңдар?" - деді министр Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысына.