Жаңалықтар тізбегі
0

Біртанов Қазақстандағы менингит туралы: жағдай тұрақты

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2018 18:18 sputniknews.kz
Министр елде менингиттен ауырып, қайтыс болғандардың саны туралы хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте менингококк инфекциясының жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі күні менингиттің 58 оқиғасы тіркеліп, аурудан 12 адам қайтыс болды деп хабарлайды zakon.kz.

Науқастардың арасында 58 бала, 14 жасқа дейін - 18 адам. Айта кету керек, 14 жасқа дейін - 5 бала көз жұмды. Жалпы алғанда, менингитке шалдығу жиі кездеседі. Мысалы: 2013 жылы 117 жағдай тіркелген, 2014 жылы - 119, аурудың өршіп түскен кезі 2015 жылға түсті. Онда біз – 424 жағдай орын алды. 2016 жылы - 120, 2017 жылы - 62, ал биыл 58 оқиға. Бүгінде бактериальды менингит ауруы туралы көп айтып жүрміз. Ең көп зардап шеккен кез де 2015 жылы тіркелді. 2013 жылы елімізде 18 адам, 2015 жылы - 21, 2016 жылы - 7, өткен жылы - 11, ал биылғы жылы 12 адам қайтыс болды, - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, ауру әлі де Алматыда өршіп тұр. Жыл басынан бері 80 адам менингококк инфекциясы бар деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, олардың 35-інде диагноз расталмаған, тағы 13-і тексеруді жалғастыруда. 32 науқастың алтауы қаза болды. Республика бойынша барлығы 128 адам ауруханаға жатқызылса, бүгінгі күні 82 адам ауруханадан шығарылды, 34 адам ем қабылдап жатыр, ал 7 адам реанимацияда.

Біз бұл сандарды егжей-тегжейлі айтып беріп отырмыз, өйткені халық түсіну керек менингит өте қауіпті ауру. Оның арты өлімге әкелуі мүмкін. Дегенмен, жағдай қалыпты. Яғни біз 20 жыл бойы орташа деңгейді есептеп шығардық, жағдай тұрақты деп айтсақ болады, - деді министр.

Бұдан басқа, министрлікте пациенттермен күніне үш сағаттан астам уақыт бойы байланыста болған 4 мыңнан астам адам анықталған. Олардың барлығы антибиотикалық ем алып жатыр, - деді Біртанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: