Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Атамқұлов қанша теңгенің кәстөм-шалбарын киетінін айтты

varlamov.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 17:43 varlamov.ru
Министр шенеуніктердің сыртқы келбеті қарапайым болғанын қолдайтынын айтады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов өзінің қандай кәстөм киетінін айтып, жалпы шенділердің киімі қандай болуы керектігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Шетелде қымбат кәстөм-шалбар кию норма болып саналады (егер шенеунік басқалардан ерекшеленгісі келсе). Олар үнемі бұл жағынан қатты бәсекелеседі. Әрине, оның да өз жөні болады. Қарапайым немесе, керісінше ешкімде жоқты киіп ерекшелену, бұл әр адамның өз таңдауы. Өз басым, шенеунік қарапайым болуы керек деп санаймын. Біздің міндеттіміз өзгеше. Біз қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз, - деді Атамқұлов үкімет дәлізінде БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында.

Жалпы алғанда, оның айтуынша, мемлекеттік қызметкер, ері болсын, әйелі болсын, таза, ұқыпты, сырт көзге ерсі көрінбейтін киім киюі керек.

Ол отандық тауар өндірушілер ешкімнен қалыс қалмайтынын айтады.

- Мен Қазақстанның оңтүстігінде жұмыс істедім. Киімдері сапалы, бәрінен бұрын мені бағалары таң қалдырды. Сол кезде мен алғаш рет 25 мың теңгеге отандық кәстөм-шалбар сатып алдым. Ұмытпасам, 4 жыл бұрын ғой деймін. Қазір менің шкафымда 5 отандық кәстөм-шалбар бар. Өндірушілері әртүрлі. Біреуін Шымкенттен сатып алдым. Мұнда бірнеше кәсіпорын бар, бағасы да әртүрлі. Бағасы матаға, астары мен тігісіне байланысты өзгеріп отырады. Біздің Қазақстан сапалы өнімдер шығарады. Жалпылай алғанда, өз басым шенеуніктердің сыртқы келбеті қарапайым болғанын қолдаймын, - деді Атамқұлов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: