Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тығылып некесін қиған Тәуекел Мүсілімнің жары кім екені белгілі болды

Ол 24 жастағы Түктібаева Махаббат есімді ару болып шықты.

Сурет : Инстаграм6 Қараша 2019, 21:14

Жақында әлеуметтік желіде Тәуекел Мүсілімнің көпшіліктен оқшау түскен суреті жарияланған еді. Онда имам мен қолына мұсылман неке куәлігін ұстаған қос жұп бейнеленген. Оны көрген жұрт көп арудың арманы болған жігіт "тығылып үйленіп алды ма" деп күдіктенген. Ақыры осы күдік рас болып шықты, деп хабарлайды Ревью бағдарламасы.

"Отыз жастан асқан шағына дейін өмірлік жарын іздеген Мүсілім, үйленген сәтін жұрттан жасырып қалды. Мән-жайды сұрап актердің өзіне хабарласқанымызда бұл жайлы сәл кейірінек толық ақпарат беретінін айтты. Некесін құпия қидырған жас-жұбайлар, бұл жаңалық көпшілікке таралмай тұрса деген шығар. Әйткенмен де, олардың мұсылмандық неке қидыру сәті әлеуметтік желіде таралып үлгерді.

Ал, Тәуекелдің жүрегін жаулаған - Түктібаева Махаббат есімді ару. 24 жастағы бикеш "Қарағанды Медицина Университетінде" дәрігер мамандығын тәмамдаған. Дегенмен, бұрымдының өнер әлеміне қатысы жоқ болса да, ол бүгінде өзін сәнбикелік қырынан танытып, түрлі фотосессияға қатысуда. Сүрбойдақтықпен қош айтысқан Тәуекел жақын арада, үйлену тойын дүркіретіп атап өтеді деп сенеміз", - дейді НТК телеарнасының тілшісі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер