Денис Теннің ісіне қатысты үшінші күдіктінің кім екені белгілі болды

yugtimes.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 20:50 yugtimes.com
Ол екі ай қамауда болады.

Алматы сотының баспасөз қызметі Денис Тенның өліміне қатысты үшінші күдікті туралы хабарлады деп жазады Zakon.kz.

25-шілдеде Алмалы аудандық сотына Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен Жанар Толыбаеваны қамауға алу түріндегі алдын-алу шарасын қолдануға өтініш түсті, - делінген сот хабарламасында.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434 (қылмыс туралы хабар бермеу) және 188-бабының 2-тармағы (ұрлық) бойынша қылмыстар жасағаны үшін күдікті деп танылды.

«Алмалы аудандық сотының шешімімен Жанар Толыбаеваға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі алдын-алу шарасы тағайындалды», - деп хабарлады сот.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: