Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның атақты боксшысы пойызда қыз зорламақ болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2019 14:40 pixabay.com
Әзірге оның аты-жөнін жария етпей-ақ қояйық деп шешіпті.

Кезінде елге танымал спортшы болған, қазір балаларды жаттықтыратын 60 жастағы азамат қыз зорламақ болған. Бұл жағдайды жәбірленуші қыздың өзі айтып берді.

Бойжеткен қыркүйек айының басында "Тальго" пойызымен Петропавлдан Алматыға келе жатып, түнде ұйықтап жатқанда өзіне бейтаныс еркектің тиіскенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда бұл іс қылмыс құрамының жоқтығынан тоқтатылған екен. Енді "Не молчи" қоры үнсіз қалмай, істі қайтадан көтермек.

18 жастағы қыз Петропавлдан Алматыға келе жатқан. Түнде Қарағанды станциясында оның купесіне 60 жастағы еркек кіріп келеді. Қатты ұйқыдағы қыз денесіне жүгіртілген бөтен қолдан оянып кетіпті. Жаңадан кірген жолаушының ұйықтауға құлқы болмаған сияқты.

Қылмыс құрамын таппаған полиция істі жауып тастаған. Енді қоғам белсенділерінің араласуымен іс қайта қарала бастады.

"Не молчи" қорының дерегінше, қызқұмар жолаушы кезінде елге танымал болған спортшы екен. Әзірге оның аты-жөнін жария етпей-ақ қояйық деп шешіпті.

- Ол боксшы. Үш дүркін КСРО чемпионы, Еуропа чемпионы. Бокс академиясында балаларды жаттықтырады. Қазақстанның бокс федерациясы бұл жағдайға мән беруі керек, - дейді "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Тансари.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл зорлық оқиғаларына қатысты "Тальго" пойызында орын алған жалғыз жағдай емес. Биыл жазда Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге аттанған жолаушы қызды зорлаған екі жолсерік сотталған болатын.

- Еркек кісі қызға тиіскен, кеудесін, басқа да жерлерін ұстаған. Біздің қылмыстық кодексте дәл осы әрекеттерге қатысты баптар жоқ болғандықтан, ол ұсақ бұзақылық бабымен 5-10 АЕК айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін, - дейді адам құқығы жөніндегі заңгер Халида Әжіғұлова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: