Жаңалықтар тізбегі
0

Цифрлық комиссарлардың ұсыныстары ведомствоаралық комиссияға шығарылады

Astana Hub, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 19:47 Astana Hub
Цифрлық комиссарлар Министрліккке е-gov, ХҚКО және ведомстволардың цифрлық жобаларына қатысты 50-ге жуық ескерту мен ұсыныс жолдады.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев цифрлық комиссарлармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цифрлық комиссарлар Министрліккке е-gov, ХҚКО және ведомстволардың цифрлық жобаларына қатысты 50-ге жуық ескерту мен ұсыныс жолдады. Олардың жартысы өз шешімін тапты.

Мысалы, электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшілер енді электрондық өтініштерді жауып тастай алмайды. Электрондық жауапқа шығыс нөмірі беріледі және т.б.

Ал, цифрлық комиссарлардың өзге мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты ұсыныстарын ведомствоаралық комиссияларда қарау жоспарланған.

- Кейбір мәселелерді ведомствоаралық комиссияның қарауына енгіземіз, өйткені олар басқа мемлекеттік органдардың құзырына жатады. Мысалы, кейбір ата-аналар шет елде туған балалары үшін мемлекеттік қызметтерді ала алмайды. Себебі, оларға туу туралы куәлікті шетелдік орган берген. Бұл мәселені ВАК шеңберінде шешу қажет, - деді Жұмағалиев.

Цифрлық комиссарлар осы жолы автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін онлайн алу, емханаларға тіркелу, кейбір е-қызметтер мен интерфейстегі кемшіліктер туралы ұсыныстарын білдірді.Министр бұлардың әрқайсысы бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Кездесуде Жұмағалиев сондай-ақ, Азаматтарға арналған үкіметпен, ҚР ІІМ, Қазпошта және "ҰАТ" АҚ бірлесіп, автокөлікті онлайн тіркеу кезінде техникалық құжат пен мемлекеттік нөмірді мамандандырылған ХҚКО-ға бармай, үйге жеткізіп беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

Алдағы кездесулерде нақты салалар бойынша шешімін күткен мәселелерді тиісті министрліктер мен өкілдерді шақыра отырып, талқылау туралы шешім қабылданды.

Цифрлық комиссарлар қоғамның белсенді азаматтары, журналистер мен блогерлер қатарынан жасақталды және тәуелсіз бақылаушы ретінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан мемлекеттік органдардың жобалары мен бастамаларына қоғамдық негізде мониторинг жүргізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: