Жаңалықтар тізбегі
0

Роза Рымбаева мен Нағима Есқалиева күйеуге тиюді ұйғарды

instagram.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 16:39 instagram.com
Нақты жауаптан қашқақтаған Есқалиева қалжыңдап, залды қыран-топан күлкіге қарық қылды: Пугачевадан қай жеріміз кем?..

Алматыда 9 қарашада Республика сарайында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың концерті өтті. Концертте Роза Рымбаева мен Нағима Есқалиева өз ұлдарының неге үйленбей жүргендеріне жауап іздеп, өз ойларын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саханада Роза Рымбаева өзінің әріптесінен: "Нағима, елдің бәрі менен неге Әли әлі күнге дейін үйленбей жүр деп жиі сұрайды. Ал осы сенің ұлың Диас неге үйленбей жүр, оның бойы да, жасы да біздікінен үлкен ғой", деп сұрады.

Бұл сұраққа нақты жауаптан қашқақтаған Есқалиева қалжыңдап, залды қыран-топан күлкіге қарық қылды.

"Ойбай, Роза, олар үйленгенше біз екеуміз күйеуге тиіп кететін секілдіміз ғой. Несі бар, айтшы? Пугачевада байға тиіп алды емес пе, біздің одан қай жеріміз кем? Одан соң, әне екі баланы дүниеге әкеліп, аяғынан тұрғызды. Біз сөйте алмаймыз ба? Халық көмектеседі. Біз екеу емес, алтауын дүниеге әкелейік. Сен бесеуін, мен біреуін", - деді Нағима әзіл-шыны аралас.

Айта кетсек, Әли Оқаповтың концерті екі сағатқа созылды. Роза Рымбаеваның баласы бүкіл әнін жанды дауыста орындап, жанын салып билеп, көрермендердің ықыласына бөленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: