"Әкем тек қуанар еді": марқұм Мұрат Бисембиннің қызы тұрмысқа шықты

"Әкем тек қуанар еді": марқұм Мұрат Бисембиннің қызы тұрмысқа шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2026 10:49 Сурет: Instagram/jemappelledali
Марқұм қазақстандық актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шықты. Оның таңдаған жары – Қазақстан регби құрамасының капитаны Мұхаммед Расул, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағымды жаңалықты Диана Instagram парақшасында бөлісіп, үйлену тойынан фотосуреттер жариялады. Суреттерде қалыңдық ақ түсті әсем көйлек киіп, сүйіктісімен бірге түскен. Жарияланым әлеуметтік желіде бірден қызу талқыланды: қолданушылар жұптың жарасымды екенін атап өтіп, кейбірі олардың бір-біріне ұқсастығын да байқаған.

Күйеу жігіттің сымбатты келбеті де көптің назарынан тыс қалмады – пікір қалдырушылар оның спорттық мансабын талқылап, шетелдік жұлдыздармен салыстырды.

Желідегі ағайын бойжеткенге ақжарма тілектерін жазып, бақыт тіледі. Кейбір топ әкесінің осынау қуанышты күнді көре алмай кеткеніне өкініш білдіріп жатты.

Еске сала кетейік, "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлімен танылған Мұрат Бисембинге 2024 жылдың күзінде қатерлі ісік диагнозы қойылғаны белгілі болған еді. Денсаулығына байланысты ол кейбір жобалардан бас тартып, бірқатар түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Ал, 2025 жылдың соңында ауруханаға түсіп, 2026 жылдың 8 қаңтар күні дүниеден өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: