Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 18:38 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының теннисшісі Григорий Ломакин Бангалорда (Үндістан) өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы жұптық сында чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

Жартылай финалда Григорий Ломакин мен ресейлік Павел Бар-Бирюков Үндістан өкілдері Мукундр Сасикумар мен Адиль Калианпурдан басым түсті.

Кездесу 7:6, 7:6 есебімен аяқталды.

Финалда Ломакин мен Бар-Бирюковтың қарсыластары үндістандық Ники Калиянда Пунача мен Сакет Минени болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: