Үкіметтің жұмыс тобы Жамбыл облысына келді

пресс-служба пресс-служба
Облыстың сексен жылдығына орай ашылатын "Шахристан" этно мәдени кешенімен, бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандардың жай-күйімен танысу көзделуде.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы Жамбыл облысына келді.

Бұл топтың құрамында үкіметтің әлеуметтік блогының басшылары: білім және ғылым, денсаулық, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінен өкілдері бар. Іс сапар барысында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және білім салаларының қызметкерлерімен, жастармен сондай-ақ тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізеді.

Облыстың сексен жылдығына орай ашылатын "Шахристан" этно мәдени кешенімен, бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандардың жай-күйімен танысу көзделуде. Бұдан бөлек аймақта пилоттық жоба ретінде әлеуметтің әлеуетін көтеруге арналған пилоттық жобаға енген елді-мекендерді аралауда жоспарда бар. Дәл осы күні Тараз қаласында Алтын орданың 750 жылдығына арналған "Талас құрылтайы: тарих пен тағлым" атты мемлекетаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады.

Ең алдымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында құрылысы жүріп жатқан Шахристан этно-мәдени кешенімен танысты.
Үкімет басшысының орынбасарына кешендегі жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев баяндады. Бүгінде кешендегі 8 нысан бойынша құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 85-90 пайызы, әрлеу-безендіру жұмыстарының 30-35 пайызы аяқталған. Барлығы 500-дей құрылысшы, 30-дан аса техника жұмылдырылған.

Әрлеу жұмыстары Самарқан стиліндегі кірпіштерімен жүргізілуіне байланысты Өзбекстаннан арнайы мамандар тартылуда. Инфрақұрылым мен қамту шаралары толығымен орындалып біткен. Жалпы төрт гектар аумақты құрайтын орталықтағы құрылыс жұмыстарының толығымен аяқталуы қараша айының аяғына жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаевқа кешен басында стенд арқылы "Тектұрмас" этно-тарихи кешенініндегі жоспарлы шаралар жайы да таныстырылды. Вице-премьер жасалып жатқан жұмыстарды құптап, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз тарихын таныту жұмыстары Түркістанды дамытумен қатар жүргізілуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ, көне Таразды халықаралық туристік орталыққа айналдырудың маңызын баса айтты.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз