Жаңалықтар тізбегі
0

Аружан Саин Таразда қыз баланы зорлаған адамның суретін көпке жариялауды сұрады

gdb.rferl.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2019 17:33 gdb.rferl.org
Кез келген жаза түрі баланың көрген құйқайы мен жүрегіне түскен дақты жоя алмайды.

Қазақстандағы балалар омбудсмені Аружан Саин Таразда мектеп дәретханасында сабақ кезінде 12 жасар қыздың зорлануына қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Бітпейтін үрей-қорқыныш. Бір жағынан, мұндай қылмыстар көпшілікке жария етіліп, зорлық-зомбылық жасаушылардың аты-жөндері, суреттері баршаға көрсетілуі керек деп білемін, әйтпесе олар осындай құпиялықтың арқасында бәрібір қорғалып жатқан сияқты көрінеді де тұрады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы, сотталғандар туралы материалдарды қараңызшы, қылмыскердің аты-жөні жоқ, тіпті фотосы да жоқ. Әрине, осындай арам пиғылды адамдар үшін бұл қолдау секілді көрінеді. "Мен жалғыз емес екенмін ғой, оны қаншама адам жасайды", - деп өз өзін жұбатып, қылмысын астыртын жүзеге асыра береді, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Саин баланың қасіретін ешқандай жаза түзете алмайтындығын айтады.

- Суреттеу мүмкін емес, бірақ біз зорлық-зомбылық ісі бойынша зардап шегуші баламен бірге жүреміз. Жазасын алса да бәрібір тығырыққа тірелген сезімнен айрыла алмайсыз, өйткені кез келген жаза түрі баланың көрген құйқайы мен жүрегіне түскен дақты жоя алмайды. Балаларға бұл сұмдықты ұмыту мүмкін емес, онымен қалай өмір сүреді, оны қандай да бір жаза түрі жөндеп бере алмайды, - деп санайды балалар құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сабақ кезінде дәретханада 7-сынып оушысының зорланғаны туралы бір күн бұрын белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Осы оқыс оқиғаға қатысты мектеп завучы, вахтер және мұғалім жұмыстан шығарылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: