Жаңалықтар тізбегі
0

"Жүргізуші қол жүгірткен". Өзбек актрисасы жүк көлігінен секіріп, мерт болды

s.daryo.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 18:34 s.daryo.uz
Өзбек көрермені үшін Шарипова "Апа-сіңлілер" сериялымен танымал. Ол көптеген мультфильм кейіпкерлері мен шетелдік фильмдерді дауыстаған.

Өзбек актрисасы Гавхар Шарипова такси жүргізушісінің қол жүгіртуіне шыдамай жүріп келе жатқан көліктен секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Fergana.agency Daro.Uz сайтына сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігі департаментінің мәліметі бойынша, актриса Самарқанд-Гузар А-380 тас жолында сағатына 140 км жылдамдық жүйткіп бара жатқан Isuzu жүк көлігінің жолаушылар отыратын жағында отырған.

Тергеу кезінде жүргізуші рөлді сол қолымен басқарып, ал оң қолымен актрисаның иығы мен қолдарын сипалап, ұстағаны анықталды. Шарипова есікті ашқанда жүргізуші көлікті тоқтатпаған, сол кезде актриса жолаушылар салонынан ұшып кеткен. Ол алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу департаментінің Telegram арнасында көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы арасында болған жанжал туралы айтылған, бірақ оның себептері нақтыланбаған.

Гузар аудандық ішкі істер департаментінің тергеу бөлімі бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 266-бабы 2-бөлігі, яғни "Кісі өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе көлік құралын пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Есік ашылған кезде жүргізушінің жылдамдықты баяулатпауы Жол ережесінің 77-бабының 3-бөлімін бұзу деп есептелді.

Гавхар Шарипова 1980 жылы Навои қаласында дүниеге келген. Ол "Алданған әйел", "Сұлулық сыры", "Алпамыс", "Гүлханның айналасындағы хикаялар", "Сарвиноз" фильмдерінде, сонымен қатар қазақстандық "Алдар Көсе" жобасында ойнады.

Өзбек көрермені үшін Шарипова "Апа-сіңлілер" сериялымен танымал. Ол көптеген мультфильм кейіпкерлері мен шетелдік фильмдерді дауыстаған.

2003 жылы Өзбек ұлттық академиялық драма театрында Лессингтің "Данагөй Натан" пьесасының қойылымында Рехи рөлін сомдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: