Бағдаттан маза қашты: Мәнізоров ісінде нүкте әлі қойылмапты

Әлгі екі азаматты заңсыз арыз бен жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тарту керек – Биғайдаров.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаменті аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Агенттіктің Мәнізоров ісі бойынша түсірген шағымын қанағаттандырмаған Бас прокуратураның шешіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Егер мұқият қарасаңыз, Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс Қазақстанның екі азаматы берген арыз бойынша қозғалған – олар Мәнізоровтың жемқорлық қылмысын жасағанын атап көрсеткен. Ендеше, Бас прокуратураның шешіміне сәйкес, бізге әлгі екі азаматты заңсыз арыз бен жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тарту керек, – деді Биғайдаров.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір Бас прокуратура келтірген дәйек-дәлелдерді тексеруде.
– Тексеру нәтижелері бойынша біз прокуратураның шешіміне байланысты одан жоғары прокурорға шағым түсіру мәселесін қарастырамыз, – деп қосты спикер.
20 қарашада ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Бағдат Мәнізоров ісіне қатысты шешіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түсірген наразылық шағымы қанағаттандырылманын айтқан.
Бөлісу
0
Толық оқу