Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы прокуратурасы: Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі әйел жазаланды

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2024 20:11 Сурет: Zakon.kz
Алматы прокурорлары жер сілкінісі туралы жалған ақпарат үшін екі әйелдің жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, жер сілкінісі кезінде әлеуметтік желілерде және мессенджер чаттарда табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарламаларды орналастыру фактілері тіркелді, ал бұл тұрғындар арасында дүрбелең және кең қоғамдық резонанс тудырды.

Мұндай әрекеттерді жасау фактілері бойынша қазіргі уақытта 1995 және 2006 жылдары туған екі әйелдің жеке басы анықталды.


"Аталған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі ("Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса") бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Прокуратура бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: