Елімізде жер сілкінісі туралы ақпарат тарататын сайт уақытша жұмыс істемей тұр
Сурет: pixabay
Қазақстанда жер сілкінісі туралы ақпарат тарататын сайт уақытша жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ техникалық жұмыстарға байланысты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сайты уақытша жұмыс істемей тұрғанын ескертті.
Осыған байланысты жер сілкінісі туралы ақпарат ТЖМ-ның ресми сайтында "Жедел ақпарат" бөлімінде орналастырылатыны да нақтыланады.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері бойынша сауалнамадан өтуге шақырған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript